Сенат

Парламенттің жоғарғы палатасы. Онда 49 депутат отырады. Олар әр Қазақстанның әр облысынан сайланады. 




Заң қабылдау секілді маңызды мәселелерді алдымен мәжілісте, кейін сенатта талқылайды. Сенат Жоғарғы соттың судьялары мен төрағаларын, адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындап, орнынан бостады; сенаттың келісіммен президент Ұлттық банктің басшысын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын тағайындайды; сенат бас прокурор, Жоғарғы соттың судьялары мен төрағаларын дербес құқықтылығынан айырады; төменгі палатаның, мәжілістің, өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда заң қабылдайды. 


Сенатты төрағасы басқарады, оны басқаша спикер деп атайды. Бұл лауазымға үміткерді президент ұсынады. Ал депутаттар жабық дауыс беруде ұсынысты қолдай ма, қолдамай ма, соны шешеді. Заң бойынша, сенат спикері қазақ тілін білуі керек. 


Қазақстанда сенат төрағасы президенттен кейінгі екінші адам. Егер мемлекет басшысы өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатса, оның өкілеті бас сенаторға өтеді. 


Парламенттің не істейтінін толығырақ мына жерден оқыңыз.


 


29/07/2020 12:18 5121 0

29/07/2020
12:18 5121 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление